Әзіл – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Әзіл» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2997
"Оңашалап жолықтық жылға жақта,
Сыбырласып сырластық біржар апта.
Менен мықты ақын көп, сенем,
Бірақ,
Сенен сұлу ару жоқ бұл қазақта!" —
Деп жырлап ем бір қызды баяғыда,
Қозыдай-ақ табысқан Баянына.
Ол қыз кетті жатпенен,
Тағы бірі
Жөргем болып ілінді аяғыма.
Бола ма адам біреуге текке ғашық,
Бауыр-ғашық болдық біз,
өкпе-ғашық.
Оған да әлгі бағытпен жыр арнадым,
Қоймаған соң сонымды бетке басып.
Енді қашан, құдай-ау, тоқталамын?!
Қаладан — қыз, даладан жоқ қарадым.
Жырлай, жырлай ең сұлу аруларды,
Ең мықты ақын мен өзім боп барамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әзіл өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Әзіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әзіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әзіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері