Есікті ашшы

Бұл бетте «Есікті ашшы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2443
..."Есікті ашшы,
Қапасыма жел кірсін", — дей бергенде —
бүккен дүние көлгір сыр,
Қайда барсам өре тұрды алдымнан
Сауал болып:
"Сен кімсің, - деп, — сен кімсің?..."
"Сен кімсің?"- деп жаңғырығып шартарап,
Жыртқыш Сауал шайыры ағып Зәнталақ,
Қай үңгірге тығылсам да
жан-жақтан
Шыға келед екі көзі қанталап.
Осы болды тағдырымның талқысы,
"Кімсің?" — дейді жер шарының бар тұсы.
Уақытты кертіп жеуден мүжілген
Қарт Сауалдың әжімінің әр тісі.
Уа, мен кіммін? — Ахура-Мазда, айта гөр!
Заратуштра, зарықтырмай қайта кел!
"Кімсің?" — деген "Тексіз" деген секілді,
Ол қорлыққа қалай көнбек Байтақ Ел?!
Қасиетті Құтхана жер — Бесігім,
Шетке шыққан мен болдым ба кесірің?.. 
Сакья-Муни, сенен де осы сұрарым,
Тілге тұтын Тәңірінің есімін.
О, киелі тұрағым һәм Тұраным! —
Шешпес пе екен перзентінің сұрағын?..
Көкке қарап көк бөріше ұлимын,
Ұстап тұрып Мұһаммедтің Құранын.
"Кімсің?" - дейді қай-қайдағы әулекі үн,
Қайда менің тоз-тоз болған Дәулетім? —
Шыңғыс ханның Зәйзатына бас ұрам,
Іздей жүріп Ашинаның әулетін.
Геродот-шал! —
Бағзы Бабам тұстасы,
Сен де маған бір шығар жол нұсқашы.
Карамзин, Бичурин — қайдасың? —
Өз тектерін өзгертудің ұстасы!
Ей, Гумилев, бөтенсіме, айт маған,
Жан қысылса жалына ма жатқа адам?! —
"Кімсің?!" — дейді кеше маған бір Малғұн,
Қылыш қайрап,
Абыройын жаппаған...
Күн ыстығы — күміс нұры қақтаған,
Азияның алтын айы аптаған —
Жатыр менің үнсіз-түнсіз Ақ Далам,
Берместен-ақ досқа — пейіл, жатқа — мән...
Үндемейді Аспан, Жердің арасы,
Талай сұмның қанды-ау әбден табасы.
Не ғып жатыр — бауырына жөн айтпай,
Кекілбай мен Төреқұлдың баласы?..

Үндемейді —
Тылсым әлем тымырсық,
Кемеріне сыймай жатыр түн ыршып.
Көшпелінің қосын артып жеткізген
Сары атаным желі жақта ыңырсып.
Ортасынан орын сайлап қиылып,
Тас төбемде жұлдыз қапты жиылып.
"Кел", — дегендей қойнын ашты көк Аспан,
Жетіқарақшы — Сұрау белгісі иіліп.
...Аспан маған қойнын ашқан іңірде,
Құлақ салдым жырақтағы бір үнге:
"Тегіңді ізде — тану үшін Өзгені", —
Деді Самал Көктің көне тілінде...

1993 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есікті ашшы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Есікті ашшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есікті ашшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есікті ашшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері