Бола алмайды көңіл құз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бола алмайды көңіл құз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Өкпелеген баладайын бұртиып,
Кең қабағын бірде ашып, бір түйіп,
Қуақы жас қыз мінезді қоңыр құз
Құбылады көңіліне сыр түйіп.
Жаздағы ерке жібек самал лебі жоқ,
Жаз тынысы, жайлы жұпар демі жоқ.
Паң теректің айыптыдай ажары,
Қазір оның жазғы жайраң өңі жоқ.
Қалыңдықтай жарын ойлап жүдеген,
Жанарында жас мөлдіреп тұр емен.
Ақ қайыңның селдіреген бойы тұр.
Ақ үкідей көктемдегі түлеген.
Жүзі солғын көрінсе де өңір күз,
Көре алмадым, жүрген адам көңілсіз.
Жерім жомарт, берекелі елім бай,
Өмір жарқын, бола алмайды көңіл күз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бола алмайды көңіл құз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бола алмайды көңіл құз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бола алмайды көңіл құз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бола алмайды көңіл құз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері