Сонау жылғы іңір

Бұл бетте «Сонау жылғы іңір» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 998
Он екі перне қарағай
Сөйлейтін еді сұңқылдап.
Сөйлеген кезде сұңқылдап
Қиссасын әкем айтатын.
Қайырған аттай құр-құрлап
Күйлердің басы қайтатын.
Дүниеде барын байқатып,
Самалға дауысын шайқатып,
Созатын еді шайлатып...
Созатын еді көңіл сәл,
Салқындау сазды ой батып...
Буынсыз саусақ ойнатып,
Сүйексіз көмей сайратып,
Отырған кезде қара шал
Қараша үй алдын тойлатып
Жер ошақ жақта апам жүр
Кеш сауған сүтін қайнатып.
...Бара жатты сол кезде
Томсарып толық ай батып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сонау жылғы іңір өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Сонау жылғы іңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сонау жылғы іңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сонау жылғы іңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері