Қарқара – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарқара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1718
Қарқара – бағы жанған жер,
Бабалар ізі қалған жер.
Қарсы кеп орыс патшаға,
Албандар атой салған жер.
Мұқағалидай ақынның
Жырлары қанат жайған жер.
Қырғыздар келіп тойда бір,
Бөскенде кеуіп, әйда бір:
«Кенесарыларың қайда жүр?
Қалдырдық басын сайда бір», –
Дегенде, Албан ерлері
Отырған бөсіп төрдегі
Қырғыздың манаптарын да,
Нөкерлерін де жанында
Ат құйрығында сүйретіп,
Қабырғаларын күйретіп,
Кененің кегін алған жер,
Қарқара – жыр боп қалған жер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері