Өлең, жыр, ақындар

Өспейді неге санымыз?

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1216
Өспейді неге санымыз?
Азған ба, әлде қанымыз?
Он миллион қазақтан
Аса алмай жүрміз әлі біз.
Жетпей ме байтақ жеріміз?
Жетпей ме дарқан еліміз?
Жер асты толы алуан
Бітті ме байлық кеніміз?
Қалды ма кеуіп көліміз?
Қалды ма семіп көніміз?
Құлдырап жүрген сәбиге
Толмайды неге төріміз?
Тумайды неге келіндер?
Толмайды неге желіндер?
Шынымен саны шектеліп,
Өспей ме өркен өрімдер?
Неліктен бұлай қиналдым?
Шындықты айтуға жиналдым:
Тығырық тақыр заман кеп,
Қашқаны анық иманның.
Жоқтыққа халық киліккен,
Үмітін үзген биліктен.
Байлардың ғана меншігі –
Баршаға ортақ күй біткен.
Жастардың күйі келмесе,
Жұмысы мандып өнбесе,
Үйлене салар қалайша,
Өкімет үй-жай бермесе?
Қыздар да шықпай тұрмысқа,
Жастығы қалар бір тұста.
Тәрбие көрмей, тайраңдап,
Батады белден қылмысқа.
Қылмысы емей немене?
Анадан алмай өнеге,
Ойнақтап жүріп от басып,
Білінсе бала денеде?
Әрине, оны білдірмей,
Көзіне көптің ілдірмей,
Жасырын алып тастатса,
Болмай ма шикі дүмбілдей?
Келмеген ар мен ақылға,
Не дерсің ондай пақырға?
Қайтадан бала бітер ме
Жаралы болған жатырға?
Ондай жан бедеу боп қалар,
Туатын бала тоқталар.
Осындай түрлі себептер
Өсімнің санын ноқталар.
Жарылған түрлі бомбалар,
Түтіні улы домналар
Белсіздік дертке шалдыртып,
Еркектерге де сор болар.
Ұлы ұяң, қызы көргенсіз,
Әйелдер бедеу, ер белсіз
Қиюы кеткен қоғамда
Кінәлап кімді, не дерсіз?
Санымыз қалай өседі?
Мәнісін кімдер шешеді?
Он-он бес перзент өсірген
Аналар қайда кешегі?
Себепті түрлі тізбейік,
Үмітті әсте үзбейік.
Көбею жолын қазақтың
Бүкіл ел болып іздейік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен мені түсінбейсің

  • 0
  • 0

Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әйтеуір түсініксіз пішімдейсің.
Өзіңді өзгелерден артық санап,
Ерекше жаратылған мүсіндейсің.

Толық

Емес пе?

  • 0
  • 0

Түссең егер, қарағым,
Сағат сайын сен еске,
Кірбің тартып қабағым,
Сағынғаным емес пе?

Толық

Қартаймас көңіл

  • 0
  • 0

Екеуміздің арамызда асу бар,
Сен – қызыл гүл,
Менің аздап шашым – қар.
Көрсетпеші маған жиі, қарағым,

Толық

Қарап көріңіз