Жалғыздық

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1901
«Асты қорлама – құстырады,
Ерді қорлама – тыштырады».
Деген сөзді қандай қатын
Құлағына қыстырады?
Керегі тек қатынға
«Тегеурінді тақым да».
Болғанынша мүмкіндік,
Ләззат үшін бір түндік
Сатып жібереді бәрін де:
Тамаша тәнін де,
Бетіндегі әрін де,
Өмірдегі мәнін де.
Ондай кезде байдың да,
Керегі жоқ ардың да.
Некесіз туған бала да,
Бәрі де қалар далада.
Ақыл берер адам жоқ,
Жанындағыдан жаман жоқ.
Иә, әйел деген сайқал ғой,
Бетімен кеткен байтал ғой.
Ерін барынша қорлап бағады,
Өзге еркекті қолдап бағады,
Түптеп келгенде, сорлап қалады:
Жападан жалғыз қалады,
Түн күзеткен байғұз болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері