Сен маған сенбесең

Бұл бетте «Сен маған сенбесең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1493
Сен маған сенбесең.
Еркелеп ермес ең.
Ықылас, ынтаңды
Біржола бермес ең.
Өзімді сыйладың,
Сөзімді қимадың.
Жұбайың болса да,
Айылды жимадың.
Тізгінді бердің сен,
Қалтқысыз сендің сен.
Мен туған жерім мен
Елімді көрдің сен.
Қайттың сен керім боп,
Керемет келін боп.
Қалдым мен сол күннен
Өзіңнің ерің боп.
Көргеннен табанда,
Ұнатты анам да.
Берді ақ батасын
Маған да, саған да.
Қолдады қайың да,
Аспанда айың да.
Қалды тек жайында,
Бейшара байың да.
Сол күннен біргеміз,
Сөгілмес іргеміз.
Өлсек те мүлде біз,
Бір болар мүрдеміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен маған сенбесең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен маған сенбесең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен маған сенбесең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен маған сенбесең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері