Несіне мен өкінем?
Бұл бетте «Несіне мен өкінем?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, көріктім, көріктім,
Саған қалай еліттім?
Саған қалай сеніппін?
Қалай тізгін беріппін?
Жылтыраған көзіңе.
Сылдыраған сөзіңе
Сенгенімді беріле
Білмей қалдым өзім де.
Мына ғажап кеңісте
Санап едім періште.
Асығыстық жасаппын,
Шықты бәрі теріске.
Тұяқ болмас шағылмас,
Жақ та болмас жаңылмас.
Толық тани алмаппын,
Кешіре гөр, қарындас.
Сүйемін деп бекіп ем,
Несіне мен өкінем?
Алшақ екен арамыз,
Кешіре гөр, өтінем.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі