Ойға кеттім
Бұл бетте «Ойға кеттім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойға кеттім өзімді тексеріп көп,
Оңай емес керуен көшке ілікпек.
Жүрер ме екем еленіп ел аузында?
Қалам ба әлде елеусіз естелік боп?
Кім кетпейді, өмірге кімдер келіп?
Бара жатыр зымырап күндер кеміп.
Кімге керек бүгінгі мақтанышың,
Қарсы алмаса құрметті күндер келіп?
Өзіңді өзің мадақтау жарамайды,
Жарамсақтар ағайын жағалайды.
Сенің ерен жасаған еңбегіңді
Уақыт пен ел ғана бағалайды.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі