Жасай бер, қазақ тілім

Бұл бетте «Жасай бер, қазақ тілім» атты Абдрахман Асылбек жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2764
Танытар қазағымның қазақтығын,
Анықтар қазағымның ғажаптығын.
Мәңгілік жасайды деп сенім артам,
Айналдым қасиетіңнен, Қазақ тілім.
Ұмытып әсем әуез әуенді біз,
Неліктен орыстарға тәуелдіміз?
Қазақтан басқа елде орыс тіл жоқ,
Аралап көрсек-тағы әлемді біз.
Ана тіл – қазақ тілін қастерлейік,
Ұлы деп, орыстардан сескенбейік.
Үйренсек үйренейік өзге тілді,
Бір ғана орыс тілді қош көрмейік.
Сөйлесе отыз бес ұлт түркі тілде,
Біртұтас түркі тобын бір түтін де.
Ішінде осылардың шоғы биік,
Ең бай тіл қазақ тілін шын құтым де.
Ана тіл – қазақ тілін қастерлейік,
Ұлы деп, орыстардан сескенбейік.
Үйренсек үйренейік өзге тілді,
Бір ғана орыс тілді шектелмейік.
Әлемнің сахнасына қарап бүгін,
Сеземін замананың талап сырын.
Мойындап келеді ел бірте-бірте
Ағылшын, қытай менен араб тілін.
Қытайлар жеңсе халық саныменен,
Жеңеді ағылшын тіл мәніменен.
Ең таза ақырғы дін – ислам діні,
Төгеді Құран тілі жарық ерен.
Көбейді исламға енушілер,
Көбейді мұсылманға ерушілер.
Мұхаммед пайғамбар да осыны айтқан:
Бір Алла бізге қуат беруші деп.
Қаншама білгеніңмен көп тілді сен,
Ұлғаймас Ана тілсіз шоқтығың кең.
Жасай бер қасиетті Қазақ тілім,
Тіл өлсе, елің де өлді деп білгін сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасай бер, қазақ тілім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жасай бер, қазақ тілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасай бер, қазақ тілім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жасай бер, қазақ тілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері