Ең алғашқы балалық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ең алғашқы балалық» атты Абдрахман Асылбек жазған бала туралы өлең берілген.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 1
  • 2040
Ең алғашқы балалық
Махаббатты сағындым.
Ақыл айтқан даналық
Шапағатты сағындым.
Ерте өткен өмірден,
Талғауым ен тәңірдің,
Кетпес, бірақ, көңілден
Достарымды сағындым.
Ақылы кең дария
Даналықтың кешені,
Қайда кеткен кәрия,
Ақсақалдар кешегі?
Бабалардың ізі бар
Даламды кең сағындым.
Айдай әппақ жүзі бар
Анамды мен сағындым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Терек Әдiлжан

Маған ұнамады

Осы автордың басқа өлеңдері