Қырғыз тойында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қырғыз тойында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2389
Қабыл ал сәлем, жігіттер
— Алаулы сөзді қырғыздар,
Қабыл ал сәлем, шыбық бел
— Аяулы көзді гүл қыздар.

Қабыл ал сәлем, қариялар,
Шыңдардай басын қар басқан.
Қөңілі даңғыл дариядай
Бүгінгімен жалғасқан.

Қабыл ал сәлем, аналар,
Ұйықтатып жатқан жұлдызды.
Қабыл ал сәлем, балалар,
Гүл иісті, күн жүзді.

Бұл сәлем — қазақ сәлемі
Қырғызды сүйген жанындай.
Ғажап көл, ғажап таң елі,
Жасай бер ұзақ тауыңдай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері