Барлық мадақ Аллаға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Барлық мадақ Аллаға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4297
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Алла деген адамды
Алла дәйім жақтайды.
Көрсе-дағы жамандық,
Алла одан сақтайды.
Етсе де кім арамдық,
Алла одан ақтайды.
Алла деген адамды
Қауым болып мақтайды.
Ақ адамға қараулық
Күйесін еш жақпайды.
Аз жарақат жамандық
Тәнге дақ боп қатпайды.
Жасаған жан жамандық
Өзі опа таппайды.
Тіршілігін тәмам қып,
О дүниеге аттайды.
Жамандауға арамда
Тіл-ауызым батпайды.
Ондай арам адамды
Қоғам болып соттайды.
Кім жаны ашып жоқтайды?
Дей көрмегін тіршілік
Осылайша тоқтайды.
Бәйтерекке бүр шығып,
Өмір алға аттайды.
Алла деген ар болмас,
Ақыретте қор болмас.
Алланы ұмытқан адамның
Еш тілегі оң болмас.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық мадақ Аллаға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Барлық мадақ Аллаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барлық мадақ Аллаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барлық мадақ Аллаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері