Өзіңді өзің күтпесең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өзіңді өзің күтпесең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1889
Өзіңді өзің күтпесең,
Өзгеден көмек күтпе сен.
Шалдықсаң ауыр кеселге,
Басталар сарсаң, бітпес ем.
Ойыңды орап қайғы-мұң,
Жаныңды жейді құрт кесел.
Болмаса деннің саулығы,
Жарамсыз жансың түкке сен.
Дос емес саған, маған да –
Аурудың басы тағамда.
Не болса соны тықпалап,
Ашпағын қақпа аранға.
Артықша ішкен тамағың
Айналар түбі арамға.
Сақтанар болсаң сырқаттан,
Сақтаймын деген Аллаң да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді өзің күтпесең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді өзің күтпесең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді өзің күтпесең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді өзің күтпесең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері