Бір Алла ғана қорғайды
Бұл бетте «Бір Алла ғана қорғайды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Демеймін мына тірлікте
Өзгеден көмек болмайды.
Береке басы бірлкте,
Ісіңді бірлік оңдайды.
Жекеше жүріп жол табам
Деген жан түбі оңбайды.
Ерінбей еткен еңбектің
Тамыры ешбір солмайды.
Дұрысы – адал адамды
Бір Алла ғана қолдайды.
Бәле мен түрлі жаладан
Бір Алла ғана қорғайды.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі