Жата бергім келеді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жата бергім келеді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2394
Жата бергім келеді, жата бергім,
Тәтті ұйқыға балбырап бата бергім.
Ей, аруақ, азырақ тоқтай тұршы,
Біраз өмір сүруге бата бергін.
Не күтесің орынсыз асыққанмен?
Өмір сүре тұрайын ашық таңмен.
Тірлігімде тудырған талай өлең,
Қоштасайын дұрыстап ғашықтармен.
Пенделіктен десем де аса алмадым,
Тірлігімде қиянат жасамадым.
Бірінен соң арманның бірі биік,
Шын биігін шыңырау баса алмадым.
Кез жетсе де қалатын кебін киіп,
Бәрінен де бәрінен көңіл биік.
Қуа бергім келеді, қуа бергім,
Қашса дағы зымырап өмір-киік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері