Ойхой дүние – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ойхой дүние» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2655
Ойхой дүние, серуен,
Адам – бір көшкен керуен.
Дүниені тастап қызық біз,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ
Таусылмастай көрінген.
Сағатыңды санасаң
Көрің жақын төріңнен.
Айтып келмес ажалың
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қоңыз қуған дүние боп –
Тірлігіңде терілген.
Ойлы сөздер осындай
Бабалардан келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген.
Не болады жиғаның,
Болмаса егер иманың
Бір Аллаға берілген?
Ұлым деген халқыңа –
Тастап кетер артыңа
Болмаса егер жан нұрың –
Жарқыраған ән-жырың,
Не әкетесің бұл өмірден?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері