Тымырсық түн тарылтады тынысты – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тымырсық түн тарылтады тынысты» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 881
Тымырсық түн тарылтады тынысты,
Еңсем түсіп, екі иінім құнысты.
Көкейімде иманды үміт бар еді,
Бәрі ұрланды,
Бұ жалғаның жымысқы.
Шымқай қызыл бәдәуүйің бәлденген,
Секемденгем
Күні бұрын әлден мен.
Кіргізбесе, кіре алмайсың
Апыр-май,
Ай маңдайлы мешітке де сәлдеңмен.
Ең жақын жан таба алмадым, шатылдым,
Ешкімге де қажеті жоқ –
Ақынмын.
Бұл да болса салғаны ғой құдайдың,
Атау ішкен тірі өлікпін ...
Бақұлмын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері