Піл мен кәнден

Бұл бетте «Піл мен кәнден» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1753
Пілді біреу алып жүрді көшеде,
Қарасын деп бар халық.
Белгілі ғой, бұл ғажапқа таңданып,
Еріп жүрді ашақ ауыз нешеме.
Әлдеқайдан бір Кәнден ит дәл келіп,
Шабаланды жаны қалмай бір түрлі:
Бір шәуілдеп, бір шиқылдай ұмтылды,
Зор Пілменен алысқандай әлденіп.
«Көршім, тоқта, болма текке масқара, –
Деді досы, – сені тыңдар қасқа ма?
Бос қарлықтың, ал ол жүріп барады,
Қарағын.
Тіпті, сенің үргеніңді елер ме?»
«Эх, эх! – деді Кәнден сонда елерме, –
Мен осыдан үлкен ләззат аламын.
Қан майданға кірмей де,
Мені жұрттар шын батыр деп білмей ме?
Иттер айтып жүрмей ме:
«Эх, Моськаның селт етпейді жүрегі –
Деп, – Пілге де үреді!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Піл мен кәнден өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Піл мен кәнден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Піл мен кәнден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Піл мен кәнден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері