Бұл бетте «Шошқа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шошқа байдың қорасынан көрінді,
Атқораға, ас үйге де емінді.
Қопыратып қоқысты да көңіңді,
Жуындыға шомылды.
Оралды ол үйіне
Нағыз Шошқа күйінде.
«Ал, Шошеке, сен ол жерден не көрдің? –
Деп Шошқадан сұрады. –
Айтшы мынаны,
Байдың мүлкі тек асылдан тұрады,
Дегендері рас па екен көп елдің?»
Қорс ете қап деді Шошқа: «Жоқ, ә, бір,
Айта салған мұндй сөзге сенер кім?
Бар байлығы – боқтық, қоқыс, көң әрі.
Аямай күшімді,
Сыртын да, ішін де
Қопардым қораны».
* * *
Құдай ақы, бұл айтқаным масқара,
Қалайынша теңемессің Шошқаға,
Кейбіреулер қай істе де бассала,
Көз салмаса кемшіліктен басқаға?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі