Гүлдер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Гүлдер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1894
Терезде құмырада көрнекті
Қағаз гүлдер қатар тұрды шын гүлмен.
Сол жасанды гүл сымақтар көрнекті
Темір сабақ сымға ілген,
Бұлғақтады шалқып бір,
Сұлулықта деп біздерден артық кім?
Бір шақта тамшы бүріккен,
Қағаз гүлдер Юпитерден сұрады,
Құтқар деп бұл бүліктен,
Және олар жаңбырды ұрсып сыбады.
«О, Юпитер, тоқтатпасаң болмайды,
Жол да оңбайды,
Одан пайда таппақ кім?
Көшеменен жүрген адам сорлайды,
Арасында қалып қалың батпақтың».
Тәңір, бірақ келіспеді онымен,
Жаңбыр жайлап жауа берді жөнімен,
Сырғып гүлдің жонымен.
Шаң мен тозаң, қапырық та басылып,
Түрленді бақ желектері ашылып.
Шын гүлдер де ерекше бір бой алып,
Шыға келді неше түрге боянып.
Жаңбырдан нәр алды,
Жұпары таралды.
Қағаз гүлдер мылжаланып оқыста,
Керексіз боп лақтырылды со тұста,
Айналды қоқысқа.
* * *
Шын таланттар сыннан қорықпас қасқа нар:
Мұқата алмас қасиетті өнерін.
Жасанды гүл дегенің
Жаңбырдан да жасқанар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлдер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Гүлдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері