Біз бәлкім, кезігерміз – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Біз бәлкім, кезігерміз» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біз бәлкім, кезігерміз, кезікпеспіз,
Дәл енді баяғыдай желікпес күз.

Дәл енді баяғыдай нән шаһарда,
ыстық сезім, ынтық шақ аңсатар ма?

Қызғаныштан қызуымыз көтеріліп,
Шәрбәт татып тұрар ма шекер үміт?!

Татуласып қайтадан, «жаным» десіп
Жүрмеген соң, білерсіз халім нешік.

Елең етіп, жол қарап, құлақ түріп,
Сан күдікті санамнан лақтырып,

Қайран күндер қайырылса «қарағым» деп,
Мен тұрар ем бақытқа балағым кеп.

Ғашық дерті жаныма болып қайғы
Жол үстінде қайтадан жолықпайды.

Қараша үйден естілген қараша әні,
Жалғыздыққа жар болып жарасады.
Біз бәлкім кезігерміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз бәлкім, кезігерміз өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Біз бәлкім, кезігерміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз бәлкім, кезігерміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз бәлкім, кезігерміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері