Жай тышқан мен көртышқан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жай тышқан мен көртышқан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2078
«Көршім, тыңда, жақсы хабар бүгінгі, –
Көртышқанға заулап Тышқан келді бір, –
Дейді, Мысық Арыстанға ілінді,
Демалатын болдық еркін енді бір».
«Қуанба, күнім, жалғанға, –
Көртышқан күлді, – аңғалға, –
Мысықтың егер біріне
Арыстан түсіп қалғанда,
Құтылмас, сірә, тірі де:
Мысықтан мықты аң бар ма?!»
* * *
Көріп жүрміз жүрегі жоқ талайды:
Біреуден қалса сескеніп,
Басқаның бәрін бос көріп,
Мықты деп соны-ақ санайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері