Сері – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сері» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1259
Ертеректе Сері бір
Ерлік жасап құру үшін бір дәурен,
Қамданыпты желігіп,
Соғыспақ боп елестермен, жындармен.
Сауыт киіп, ауыздықтап ол атын,
Ер үстіне қонбай тұрып шамалы,
Мынандй сөз айтуды жөн санады:
«Тыңда мені, сенімді ұшқыр қанатым,
Самға дала, тау, тоғайды жарып бір,
Басың ауған жаққа қарай құйында,
Сері заңы бізге солай бұйырған,
Баста жолды тұғырына даңқтың!
Жауыздарды бағындырып болған соң,
Бір патшаның қызына мен үйленем.
Екі-үш елді жаулап тағы содан соң,
Еңбегіңе лайықты сый берем.
Атақ-даңқты сенімен тең бөлемін:
Соққызуға саған ғажап қораны,
Бұйрықты да беремін;
Жазда жасыл жайлауың да болады.
Жүрсең қазір сұлыға да жарымай,
Онда бәрі мол болады, жаным-ай.
Арпа жейсің, бал татып су, мол аға».
Ерге қонып, Сері: «Әйт, шу!» – дегенде,
Астындағы ат шауып ала жөнелмей,
Тура тартты қораға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сері өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері