Кездейсоқ жағдайдағы піл
Бұл бетте «Кездейсоқ жағдайдағы піл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арыстанға кездейсоқ барыпты Піл жай ғана,
Бұл туралы әңгіме өріп айнала,
Өзінше әркім шешіп жатты жұмбақты:
Барды екен Піл не үшін?
Жоқ өзінде не әжуа, не пішін,
Қандай айла бұл нақты?
Өзара аңдар таласты.
«Егер, – деді сонда Түлкі бұлаңдап, –
Құйрық болса онда әсем жарасты,
Таңданбас ем».«Қарап көрсең шын аңдап,
Деді Аю да – тырнағы боп шын егер, –
Барса біреу сөгер ме?
Елең етіп, көңілін де бөлер ме?
Алайда, ол тырнақсыз ғой, біледі ел,
Мүмкін, тағы азу қосып алмақ па?».
Сөйлеп кетті Қодас та:
«Мүйіз сұрай бармап па?».
Деді Есек: «О, достар!
Арыстанға неге барды ол шынында?
Себебі бар мұның да.
Ал, мен шештім дұрысын –
Болмаса егер құлағың, тіршілігің құрысын!».
* * *
Көбіне біз лепіреміз сөзбенен,
Артық санап өзімізді өзгеден.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі