Малшы мен теңіз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Малшы мен теңіз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1394
Малшы тұрды мекен етіп жағаны,
Өзіне сай шағын еді лашығы.
Аздаған мал – бар байлығы, асылы,
Соны жайлап бағады.
Қайғы-мұңы болмайтын, сүрмегенмен сәнді өмір.
Тап осындай еншіге
Риза еді көңілі шын көншіге.
Теңізге ол қызығатын әлде бір,
Байлық тасып сан кемелер жүргенде,
Жүк түсіріп бай мырзалар шаттанған;
Қоймалары кілең асыл заттардан,
Тұрмыстары таң-тамаша гүлденген.
Малшы қатты құмартып,
Заттар алды сатты-дағы бар малын.
Жолға шықты кемеге мол жүк артып,
Алайда ол көп ұзаққа бармады.
Алдампаздық теңізге тән жайды ұқ дәл:
Жағадан сәл ұзамай-ақ білді оны,
Дауыл тұрып бір долы,
Кеме қирап, суға батты байлық бар;
Қуанды аман жанына.
Сол теңіздің арқасында тағы да
Таяқ ұстап, күн ұзаққа мал бақты.
Айырмасы бар еді:
Бұрынғы өз малы еді,
Енді өзгеге жалшы болып зар қақты.
Төзімменен еңбек етіп талпына,
Жалақысын үнемдей,
Базардан мал сатып алып түгелдей,
Келді өзінің ең алғашқы қалпына.
Тағы бірде малын жайып жағада,
Анығырақ қадала,
Көк теңізге төнеді,
Көреді:
Теңіз суы тербеледі сабырлы,
(Моп-момақан, қарағын)
Кемежайда кемелер көп дабырлы:
«Достым, – деді ол, – тағы да келіп тұр ма тонағың?
Мені алдауың енді қиын болады!
Айналысқын енді басқа кісіңмен,
Мен айлаңды түсінгем.
Көрермін-ау өзгеге еткен сыйыңды,
Енді менен алмассың көк тиынды».
* * *
Мысал мәнін талдау артық болса да,
Айта кету теріс емес оншама:
Ұстаған жөн таныс істі бірқанша,
Әлдеқандай алдамшы үміт қуғанша.
Көбін көрдім шын бақытсыз болғанын,
Алданбаса алданбас тек мыңнан бір,
Оның өзін елге дабыра қылған кім?
Ал, мен өзім өз сөзімді қолдадым:
Алдағы – тек Алладан, ал, менікі – қолдағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Малшы мен теңіз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Малшы мен теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Малшы мен теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Малшы мен теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері