Арыстан, бөкен және түлкі

Бұл бетте «Арыстан, бөкен және түлкі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1894
Ну жыныста қуды Арыстан Бөкенді,
Міне, міне, ұстады...
Ашылды аран тұста бұл,
Шынында да түскі тамақ жетерлік.
Енді қашып құтыла алмас дегенде ол,
Қарсы алдынан кездесті бір терең ор.
Бөкен жиып бойда күшін ақырғы,
Жебесіндей садақтың
Сол бетінде терең орға атылды,
Мүйіздерін табанына қадап бір;
Тұрып қалды Арыстан,
Жақын жерде жүр еді бір таныс аң:
Ол танысы Түлкі еді.
«Болса, – деді ол, – сендегі күш бойдағы,
Құтқармас ем бұл Бөкенді ойдағы,
Шын ұмтылсаң, қиын емес бұл тегі.
Қорықпасаң, кең болғанмен жар мына,
Болады әбден қарғуға.
Достығым мен арыма сен сене бер,
Сендей күшке ие болсам мен егер,
Сол Бөкенге сайдағы
Қарғып барып төнер ем».
Арыстанның қаны сол кез қайнады.
Қарғып кетті салып барлық салмағын,
Бірақ, жардан өтіп кете алмады.
Етті бірден Арыстан жан тәсілім,
Деді сонда досы не?
Түлкі асықпай орға түсті ақырын,
Патшасының бітті сыйы осымен:
Енді өзінің еркінде,
Жетті арқасы кең күнге.
Еске ап достың жетісін,
Мол етті жеп, қалды әбден жетісіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстан, бөкен және түлкі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арыстан, бөкен және түлкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстан, бөкен және түлкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстан, бөкен және түлкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері