Шақырып алып көмекке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шақырып алып көмекке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1383
Айналайын басқарма,
Сенің көңлің аспанда.
Шақырып ап көмекке,
Жекіресің жастарға.
Мұның әлде мастық па?
Мұның әлде қастық па?
Дөрекілік, дөкірлік
Жараса ма бастыққа?
Келгендерге көмекке,
Әкіреңдеу керек пе?
Жалын жастар мұндайда
Айтар саған мол өкпе:
Айдалада жатқыздың,
Тар кепені баққыздың.
Заманында атомның
Білте шамды жаққыздың.
Газет, журнал бермедің,
Жағдайды көп көрмедің.
Он күн қамап осылай,
«Тек жүзімді тер», – дедің.
Табысты етіп күзіңді,
Терер жастар жүзімді.
Екінші рет, бірақ та
Көрмей кетер жүзіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері