Мұрттың мәні
Бұл бетте «Мұрттың мәні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәндемек боп сырт бойды,
Мәкең бірде мұрт қонды.
Күрт жымия қарасып,
Түкпірдегі түртті ойды.
Бірі әзілді бастайды,
Екіншісі қоштайды:
– Ішкен күні бұл Мәкең
Қайта қырып тастайды.
Бірі созып ыржаңын,
Қоздырады қылжаңын:
– Түгел қырып тастамай,
Қалдыра тұр бір жағын.
Дейді бірі:
– Қарағым,
Мұртқа жөндеп қарағын.
Қытықтайды қыздарды,
Иіскегенде тамағын.
Дейді бірі әрі асып:
– Қатып тұр мұрт жарасып.
Болды-ау енді өлетін,
Келіншектер таласып...
Тыңдап алып бәрісін,
Айтты Мәкең мәнісін:
– Ағайындар, мұртты мен
Қойғаным жоқ сән үшін.
Мұрынымның шамалы
Бар емес пе самалы.
Мұрт арқылы танауға
Жел тигізбеу амалы.
Сөйтіп, Мәкең сытылды,
Қылжақтардан құтылды.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі