Бұл бетте «Борсық епн торсық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тырбанып күн, түн қазып,
Бітті Борсық ін қазып.
Қыстығына жететін
Үңгірінде тұрды азық.
Тал басында боршып құр,
Тұрған еді Торсық бір:
– Сонша неге қиналдың? –
Деді өзінше зорсып бұл.
Борсық күлді мастана:
– Басымда бар баспана.
Әлі-ақ суық түскенде,
Боларсың сен масқара.
Торсық сыры мәлім-ді,
Керней берді қарынды.
Ақырында аязда
Тарс етті де жарылды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі