Бидай мен сұлы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бидай мен сұлы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2488
Қаңғып келіп тосыннан,
Көп Бидайға қосылған
Жалғыз дәні Сұлының
Деді:
«Нағыз ұлымын!
Барлық Бидай жиылып,
Бір мен үшін үйіліп,
Күндіз-түні тынған ба?
ТАУ БОП жатыр қырманда».
Сұлы солай бескенмен,
Болмады ешкім ескерген.
Ортадан озбағасын,
Кей надан өз бағасын
Осылай асырады,
Желпініп, басылады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері