Күріш пен күрмек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күріш пен күрмек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5772
Жайқалып күріш тұрды,
Береке, ырыс тұрды.
Қасында Күрмек тұрды,
Күрішті күндеп тұрды:
«Күрішті ел құрметтейді,
Мені тек Күрмек дейді.
Бірге өсіп, бір тұрамыз,
Қатарлас құлпырамыз.
Артық па Күріш менен?
Осы да дұрыс па екен?»
Күріштің арқасында,
Қауқиып қалқасында,
Су ішіп өсетінін,
Бекерге бөсетінін
Күрмектер біле ме екен?
Білсе, өстіп күле ме екен?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері