Екі иттің ермегі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1096
Оңаша үйде ерігіп отырып,
Орындықта керіліп отырып,
Кәнден ит пен Қасқыр ит
(Еркетай мен «тақсыр» ит)
Телефонмен танысып қалды,
Біраз пікір алысьш қалды:
– Халің қалай, көршім-ау?
Байқауымша зорсың-ау.
Мұндай сөзге ұтымды
Қасқыр ит тез күпінді:
– Дұрыс айттың, Кәнденім,
Жоқ қой біздің халде мін.
Алты қабат ақ үйдің,
Маған ғана шақ үйдің
Төр бөлмесі пәтерім,
Бәрі менде мәпенің.
Жалғызымын бір үйдің,
Кейде ерігіп ұлимып.
Ием ерлі-зайыпты,
Бір-біріне лайықты
Жандары жоқ мен десе:
Балажанды пендеше
Асты-үстіме түседі,
Асты бірге ішеді,
Үстім таза болса да,
Жиі жуып моншада,
Кекілімді тарайды,
Баласына балайды.
Күнде кешке бір сағат
Тұмсығымды тұмшалап,
Жақсы жеңге, жақсы аға
Қыдыртады бақшада.
Құс мамықтан төсегім,
Міне, солай өсемін...
Бөсті енді КӘНДЕНІҢ:
– Жайымды ұқ, ал менің.
Тоғыз қабат тор үйдің,
Көк тіреген зор үйдің
Бес бөлмесі пәтерім,
Жалғыз ғана қатерім –
Үйдің тентек ұлы бар,
Мені көрсе жыны бар.
Ұрып-соғып ойнайды,
Ұмаждауын қоймайды.
Қожайыным тамаша,
Түседі сол араша.
Алқа тағып мойнына,
Жатқызады қойнына.
Шығарғанда далаға,
Ұқсатып жас балаға,
Маңғаздана жөтеліп,
Жүреді тік көтеріп.
* * *
Кейбіреулер күйт баққан
Бала орнына ит бақкан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі иттің ермегі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екі иттің ермегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екі иттің ермегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі иттің ермегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері