Алтын тісті арлан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алтын тісті арлан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1637
Тілі мәлім талайға
Түлкі Арланды емдеді:
– Азу тісті қалайда
Алмастырған жөн, – деді.
Салып берем алтыннан,
Жарқыратып жүресің.
Шығып тұйық қалпыңнан,
Ыржалақтап күлесің.
Аңның бәрі тамсана,
Ауызыңа қарайды.
Содан кейін жан сала,
Тамақтайсың талайды.
Көп ұзамай Арланның
Болды азуы алтыннан.
Бірақ, басқа салған мұң,
Не пайда құр жарқылдан?
Тісі қақсап Арланның,
Татымды түк татпады.
Тамағына аңдардың
Алтын тісі батпады.
* * *
Тыңдағандар Түлкіні,
Болар түбі күлкілі:
Ақылы жоқ сол Арлан
Аштан өлді бір күні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері