Құлқын

Бұл бетте «Құлқын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1503
Құлқын қоймашы болды,
Алпыс екі айласы болды.
Соның арқасында
Көл-көсір пайдасы болды.
Алдымен алманы жеді,
Макарон-салманы жеді.
Сонан соң Қоянға деген
Жүгері жарманы жеді.
Кейіннен кебекті жеді,
Тоқыма кенепті жеді.
Біртіндеп темір-терсек,
Шеге мен шелекті жеді,
Кетпен мен күректі жеді,
Су құбыр шүмекті жеді,
Тіпті, бала отыратын
Темір түбекті жеді.
Содан не керек,
Болды бір керемет.
Жұтып еді сүйменді
Езуін кере кеп.
Көмейіне кіріп барды,
Кептеліп тұрып қалды.
Құлқынның содан бастап
Ауызы құлыпталды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлқын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құлқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері