Ұрт пен мұрт

Бұл бетте «Ұрт пен мұрт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1616
Мұрт қаулап өсіпті,
Өсіпті де бөсіпті:
– Осы мен Мұртпын ба?
– Мұртпын!
Бірқауым жұртпын ба? –
Жұртпын!
Бетке сән беремін бе? –
Беремін!
Ұрт үстінде өнемін бе? –
Өнемін!
Ал, сен кімсің?
Не бітіріп жүрсің?
Ас болып ындының,
Құрыған құлқының.
Таппастан бір тыным,
Күйсейсің күн-түні.
Тегістеп жіберсем бе екен
Өзіңді бір күні?!
Ұрт та лап ете қалды,
Мұртқа шап ете қалды:
– Сен өйтіп оттама!
Тұрғаның топтала,
Тоқ бола,
Менің арқам тек қана.
Сол үшін түсемін
Суға да, отқа да.
Ал, сен мұны білмейсің,
Білмесең өмір сүрмейін! –
Деді де Ұрт шын қызып,
Болсын деп бір қызық,
Ұстарамен сол Мұртты
Тастады қырғызып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрт пен мұрт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұрт пен мұрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрт пен мұрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрт пен мұрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері