Тышқандардың тілегі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тышқандардың тілегі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2603
Біз Тышқанбыз, Тышқанбыз,
Дән тереміз тыстан біз.
Жол бойынан ін қазып,
Жинап жүрміз күнде азық.
Жол үстінен, өйткені,
Өтетіндер көп тегі.
Шофердің көп аңғалы,
Келіктің көп саңғалы.
Солардан дән шашылар,
Сол дән бізді асырар.
Дайын асқа дүлейміз,
Сондықтан да тілейміз:
«Шоферлар көп болсын деп,
Ақылы жоқ болсын деп.
Прием қайдасың деп,
Зулата айдасын деп.
Мастығын асырсын деп,
Астығы шашылсын деп»...
Оны ешкім ескермесе,
Кезінде тексермесе,
Тілектің асқаны іске,
Не керек басқа бізге?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері