Күндер өтіп барады – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күндер өтіп барады» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3873
Күндер өтіп барады,
Күндер өтіп,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Қалдырған ойларыңнан аңғарасың
Жатқанын бұл өмірден кімдер өтіп...
(М. АЙТХОЖИНА. Ақ бесігім. 72-бет)
Жырымның буындары мүлде бекіп,
Жазамын жатар кезде мінбелетіп.
Күн бойы күйкі тірлік қолды байлап,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Бақытқа бірде жетпей, бірде жетіп,
Барады бұл өмірден кімдер өтіп?
Көзіңді жұмған сәтте аңғарасың,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Жазғанмен түнделетіп, күнделетіп,
Еш нәрсе бергенім жоқ іргелі етіп.
Қаптаған қалың ойлар қорнауында
Барады күндер өтіп,
Түндер өтіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндер өтіп барады өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күндер өтіп барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндер өтіп барады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндер өтіп барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері