Таңдау
Бұл бетте «Таңдау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңдаймыз, жар таңдаймыз.
Таңдайға бал таңдаймыз,
Соғымға мал таңдаймыз.
Кемпірге шал таңдаймыз.
Ой-қырға шапқылауды
Әдет қып алғандаймыз.
«Н. ХАСЕНОВ. Мен сенің ұлынмын. 21-бет)
Мықтыға жалтаңдаймыз,
Жағынып жалпаңдаймыз.
Алдында әлсіздердің,
Паңдана талтаңдаймыз.
Атылған шампандай біз,
Ақылды арқандаймыз.
Өлеңнің, қолдан келсе,
Ойларын талқандаймыз.
Өмірге сән таңдаймыз,
Кемпірге шал таңдаймыз.
Түгендеп дүниені,
Соғымға мал таңдаймыз.
Маңдайға жар таңдаймыз,
Таңдайға бал таңдаймыз.
Ал, бірақ, өлем десе,
Қалжырап қалғандаймыз.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі