Тәбет пен әлек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тәбет пен әлек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1325
Көңілің неге шапса,
Тәніңнің емін тапса –
Ол дегенің тәбет.
Суды да аңсап ішсең,
Бал сынды тамсап ішсең –
Ол денегің тәбет.
Біреуді сүйіп қалсаң,
Басыңды иіп қалсаң –
Ол дегенің тәбет.
Біреуді аял болсаң,
Көмекке даяр болсаң –
Ол дегенің тәбет.
Сырқатқа жәрдем берсең,
Сөзіңмен дәрмен берсең –
Ол дегенің тәбет.
Үлкенді сыйлай білсең,
Ақылын тыңдай білсең –
Ол дегенің тәбет.
Кішіге пана болсаң,
Ақылшы аға болсаң –
Ол дегенің тәбет.
Жақсы ойды оқи білсең,
Көңілге тоқи білсең –
Ол дегенің тәбет.
Талантты тани білсең,
Талаптың дәмін білсең –
Ол дегенің тәбет.
* * *
Кей дәмді бал десе де,
Тәніңе нәр бермесе –
Ол дегенің әлек.
Біреуді ұнатпасаң,
Жанынан жырақтасаң –
Ол дегенің әлек.
Кейбіреу жағынса да,
Ойыңнан табылмаса –
Ол дегенің әлек.
Кейбіреу жалған күліп,
Жүрсе тек алдандырып –
Ол дегенің әлек.
* * *
Кей тұста жалған тәуіп
Төндірсе жанға қауіп –
Ол нағыз нәлет!
Кей сорлы діннен безсе,
Аналық тілден безсе –
Ол нағыз нәлет!
Кей сұмпай ұлтын сатса,
Туған ел, жұртын сатса –
Ол нағыз нәлет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәбет пен әлек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тәбет пен әлек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәбет пен әлек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәбет пен әлек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері