Жалмауыз кемпір – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалмауыз кемпір» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4240
«Алтын сақа», «Ер Төстік»...
Ертегі тыңдап, ерке өстік.
«Жалмауыз кемпір» деген сөз –
Қлаққа түрпі ерен сөз.
«Жалмауыз кемпір» дегенде,
Ток жүгіргендей денеңде,
Бір сәтке таппай тағатын,
Жүрегің діріл қағатын.
Өйткені, кемпір жалмауыз,
Қатыгез, нағыз қанды ауыз.
Кәрі демей, жас демей,
Тоқ па, мейлі, аш демей,
Адамды аңдай көретін,
Шетінен жалмай беретін.
Кеудеден қолқа суырып,
Жүрегін жейтін қуырып.
Сондықтан атам заманнан,
«Жалмауыз кемпір» атанған.
Бәріне қожа мен деген,
Өз айтқаным ғана жөн деген.
Елді дегеніне көндірген,
Көнбегенін өлтірген.
Өлтірген де, жеп қойған,
Қарыны, бірақ, жоқ тойған.
«Жалмауыз кемпірді жоюға,
Біржола нүкте қоюға,
Төстіктей ерлер қарсы кеп,
Жазаңды, жауыз, алшы деп,
Жалмауыз жанды өлтірген,
Құтылған солай кемпірден.
* * *
Ертегі ғана бұл сөзім,
Көрген дейсің кім өзін
Нағыз жалмауыз кемпірді?
Басқа бермесін ол күнді.
Бүгінгі күнде де, бірақ та,
Емес тіпті жырақта,
«Келін» деген фильмде,
Бап-баяғы күйінде,
«Жалмауыз кемпір» тірі екен,
Үндістанда жүр екен.
Каляни деген кемпірге
Қарсы келмейді екен ел мүлде.
Өзінің балалары да,
Балалардың аналары да,
Олардан туған немерелері де,
Тіпті, тәй-тәй басқан шөберелері де
Калянидің алдында дірілдеп тұрады,
Кришнадай пірім деп тұрады.
Калянидің ақ денегі – алғыс,
Қара дегені – қарғыс,
Оның алдында бәрі байқұс.
Сондықтан, Каляни
Қазіргі замани
Жалмауыз кемпірдің тура өзі,
Қанталап тұр көзі,
Кеудеңе оқтай қадалады мір сөзі.
* * *
Ертегідегі «Жалмауыз кемпірді»
Деп жүрсек Ер Төстік өлтірді,
Ол әлі тірі екен,
Үндістанда жүр екен.
Жаңалықтан түңілткен,
Ескілікке үңілткен,
Жаңа заманды ұқпаған,
Құдайдан қорқып-ықпаған,
«Жалмауыз кемпірдің»
Жасап шыққан бейнесін
Үндістерге рахметтен басқа не дерсің?
Заман талабына көнуіміз керек,
Жалмауыздарды көруіміз керек.
Олардың әділ бағасын да,
Тиісті жазасын да,
Қолдан келсе, беруіміз керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалмауыз кемпір өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалмауыз кемпір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалмауыз кемпір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалмауыз кемпір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері