Бөшке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөшке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1466
Дөңгеленген бөшке болды,
Өзі тым мешкей болды.
Арандай ашып қақпағын,
Күн-түні тыным таппады.
Қой еті ме, шошқа еті ме?
Әлде, басқа еті ме?
Қарамады біріне,
Қарамады түріне,
Үлкен бе, әлде кіші ме?
Тыға берді ішіне.
Тойғанын білмеген соң,
Ішке ауа кірмеген соң,
Іштегі түгел ашып кетті,
Ашыған соң, сасып кетті.
Қарын кеуіп кетті,
Сыртқа теуіп кетті.
Тынысы тарылды,
Ақыл-естен жаңылды.
Кере-кере қарынды,
Қарыны бір күн жарылды.
Осы болды бөшкенің
Бұл өмірден өшкені.
* * *
Ей, адамдар, ұғыңдар,
Болғаныңмен бүгін бар,
Өлсең, сыйлар кімің бар?
Мақсат ішіп-жеу ме екен?
Ұшып кетсең желменен,
Не күтеді ел сенен?
Қалыпты ұстап қарынды,
Еліңе арна барыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөшке өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бөшке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөшке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөшке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері