Өнер қарлығаштары

Бұл бетте «Өнер қарлығаштары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6467
А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің 10 жылдығына

Бұл қазаққа арыдан
Сиқырлы саз дарыған.
Әншісі мен күйшісін
Бүкіл әлем таныған.
Құрманғазы атаң бар,
Күләштайын апаң бар.
Өрістеткен өнерді
Мұқан менен Ахаңдар.*
Балғын өнер бесігі,
Үлкен өмір есігі –
Бұл мектепке берілген
Жұбановтың есімі.
Өскелең ел жастары,
Қосылыпты бастары.
Қаулап шығып келеді,
Өнер қарлығаштары.
Ән мен күйге бөленген,
Аты шыққан өнермен,
Келешектің керемет
Саңлақтарын көрем мен.

*Бұл жерде Құрманғазы Сағырбаев, Күләш Байсейітова, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтар жайлы айтылып отыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнер қарлығаштары өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өнер қарлығаштары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнер қарлығаштары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнер қарлығаштары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері