Өлең, жыр, ақындар

Ұйқамақ

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 991
Қасқыр қасқыр еді,
Қас албасты басқыр еді.
Жесем екен дей берді,
Қояннан бастап жей берді.
Қойды қой демеді.
Сиырды дөй демеді.
Жылқыны алқымдады,
Түйеден де тартынбады.
Қарыны тойған ба?
Ой, тоба!
Көзі тоймады,
Шабуылын қоймады.
Аяқтан шалып,
Алқымнан алып,
Жарып тастай берді,
Басқа да шабуылын бастай берді.
Бұл хабар жетіп алыстан,
Аң патшасы Арыстан
Алып келуге Қасқырды
Уәзірлеріне тапсырды.
Қасқыр патшаға дес бермеді.
Құдіретті екенін ескермеді.
Артық қылмыс жасамадым деп,
Артық асамадым деп,
Ақталып бақты,
Дәлелдерден соң нақты,
Мойындап қылмысын,
Кешірім сұрап тұрды шын.
Болса да ауыр қылмысы,
Патшаның оған бұрды іші:
– Иә, көп алмайын мазаңды,
Жеңілдетейін жазаңды.
Орының еді абақты,
Жазадан алар деп сабақты.
Бекітемін ұйқамақты.
Бұрынғы еркелікті тастайсың,
Үйіңнен аттап баспайсың,
Шет елге де қашпайсың.
* * *
Өз ниетіне жұғымды
Қасқыр мұны ұғынды.
Арыстанның аяғына жығылды:
– Тақсыр, ұсыныңызды құптаймын,
Айтқаныныздан шықпаймын.
Деп бас иді, Іштей көңілі тасиды.
Өйткені, Қасқырдың иелігінде,
Бір төбенің жиегінде
Бірнеше га жері бар еді,
Дөңгеленген көлі бар еді,
Бой сергітер белі бар еді.
Жайқатылған құрағы бар еді,
Жеп тұратын лағы бар еді.
Сондай үйі болса,
Керемет күйі болса,
Ұйқамақ – «ауыр» жаза ғой,
Нағыз маза ғой.
* * *
Қазіргі жаза осы да,
Іс түсе көрмесін басыңа.
Бірақ, достым, шошыма,
Қосыларсың қайта қосыңа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз сағынышы

  • 0
  • 0

Әке, мені наздана көркем еттің,
Әке, мені аз ғана еркелеттің.
Сағым қуған сапарға аттандың ба?
Неге сонша біздерден ерте кеттің?

Толық

Шеге

  • 0
  • 0

Жол үстінде Шеге жатты,
Шаңды қауып, шөге жатты.
Жүк тиеген бір машина
Баса-көктеп келе жатты.

Толық

Екі жігіт

  • 0
  • 0

Екі жігіт отырды бір жиында:
Бірі шағын, бірі алып денелі.
Болмаса сәл өнері,
Адамға сол қиын да.

Толық

Қарап көріңіз