Мырзатайға
Бұл бетте «Мырзатайға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дегенімен Мырзатай,
Жан емессің мырзадай.
Сараңдыққа салындың,
Тек байлыққа табындың.
Болса да әкең Жолдасбек,
Жарытпадың жолдас боп.
Ақша бермей көп құрбың,
Туыстардан бет бұрдың.
Өтер-кетер дүние,
Дүниеге кім ие?
Байлықпен қайда жетерсің?
Сен де бір күн өтерсің.
О дүниеге мүлкіңнің
Несін алып кетерсің?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі