Алып қашқым келеді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алып қашқым келеді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1682
Әнін жазған Ерболат Құдайбергенов

Алып қашқым келеді, алып қашқым,
Қара бұлтты көктегі жарып қашқым.
Мейлі Айға, алысқа, Марсқа да,
Сені алып қашудан жалықпаспын.

Қайырмасы:
Алып қашқым келеді,
Жеті қабат ғаламды
Жарып қашқым келеді.
Болғаны тек сапардан жалықпасаң,
Алып қашам өзіңді, алап қашам.

Алып қашқым келеді жер бетінен,
Көк төсіне жұлдыздар тербетілген.
Қайда алып қашсам да, меншігімсің,
Айналайын керемет келбетіңнен.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері