Қыздың жасы – 18 – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыздың жасы – 18» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 8686
Қыз деген – бір қызғалдақ,
Өркендеген өлкеміз.
Өскен гүл ғой бізге арнап,
Еркелеген еркеміз.
Қыз бар жерде қызық бар,
Ақындарға сенсеңіз.
Көзіңді бір сүзіп қал,
Шын ықылас бөлсеңіз.
Қыз дегенің – керемет,
Шалқар шабыт, көл-теңіз.
Жасын сұрап не керек?
Оның жасы – он сеніз.
Мейлі, орта жастағы
Бір аруды көрсеңіз,
Дегін: «Әуел бастағы
Оның жасы – он сегіз».
Қыз қырықтан асса да,
Түспесін еш еңсеңіз,
Баяғыдай жас сана,
Оның жасы – он сегіз.
Сол қыздардың басына
Кемелденіп келсе күз,
Мақта даңқын асыра,
Оның жасы – он сегіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері