Өлең, жыр, ақындар

Имандылық

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2244
Тек жүрсем де тек аман,
Түсінбейді көп адам.
Соншалықты несіне
Қиналамын мен оған?
Кейде сиқыр сезімге
Шырматылған кезімде,
Өзге түгіл, өзімді
Түсінбеймін өзім де.
Жомарттықты асырып,
Ашылып та шашылып,
Емін-еркін жүруім
Болар еді асылық.
«Әліңді біл, Аяз би,
Жолыңды біл, құмырсқа» –
Осы менің күнделік
Ұстанымым тұрмыста.
Жүзіп ішкен тұнықтан
Жан сырымды кім ұққан?
Көпшілік жан бір күндік
Байлық үшін құныққан.
О, жалған-ай, жалған-ай,
Дүние-мүлік арман-ай.
Өлген күні бағасы
Бақыр болып қалғаны-ай.
О, дүние, дүние,
Еске аламын күйіне.
Дүниеңе жинаған
Өлгеннен соң кім ие?
Сенетінің бала ма?
Бала адам бола ма?
Еш болмаса дұға үшін,
Барар ма екен молаңа?
Қыбын тапқан «оң», «солдың»
Тірлігіңде «зор» болғын.
Бірақ, бәрі бекерлік,
«Өлдің Мамай – қор болдың».
Иә, солай, тап солай,
Түсінбеймін басқалай.
Пенделікке ермесең,
Алла жолы – ақ сарай.
Болмаса ар-иманың,
Не болады жиғаның?
Қысқа ғана ғұмырды
Ит тірлікпен қиғаның.
Алла сені қолдасын,
Ақ ісіңді оңдасын.
Пәниде де, бақида
Иман болсын жолдасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқамақ

  • 0
  • 0

Ел билеген бір бастық,
Жүрді зор боп дүр бастық.
Түкірігі жерге түспеді,
Өз білгенін істеді.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған ауылым, ата мекенім,
Қайда жүрсем, шықпайды естен.
Туған жерімді мақтан етемін.
Қырларыңда шапқылап өскен.

Толық

Мықтылық

  • 0
  • 0

Бір досымыз қызып қалып,
Қабырғаны сүзіп барып,
Қаңғалақтап жүріп кетті,
Дәретханаға кіріп кетті.

Толық

Қарап көріңіз