Бұл бетте «Алланың құлы – пендемін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Алла, Алла!
Мына өмірде дарқан
Еркін өмір сүруім
Сенің арқаң.
Кейде шалқып кетсем де,
Кейде артық кетсем де,
Бәрінің тізгіні тек сенде,
Өз еркің не етсең де...
* * *
Сен маған бәрін бердің,
Ақындық дарын бердің.
Тура айтатын жалын бердің,
Көкірек көзі – әнін бердің.
Өмірді түсінудің мәнін бердің.
Сұлулықты түсінудің сәнін бердің
Әнді ұғынудың әрін бердің,
Қысқасы: өмірдегі жақсылықты
Түсінудің бәрін бердің.
Бірақ, мен қабылдай алдым ба?
Әлде қабылдай алмай қалдым ба?
* * *
Адамның ұлы,
Алланың құлы пендемін,
Ақылға кендемін.
Ойым өрде болғанымен,
Өзім жердемін.
Бар болса еліме бергенім,
Сыйлымын, төрдемін.
Дүние болса сенгенім,
Иесіз қалар шашылып,
Өмірлік жиған-тергенім.
Онда менің өлгенім,
Өзімді-өзім көмгенім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі